Сот сараптамаларын жүргізу

Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті

18.2 Сот-сараптамалық психологиялық-филологиялық зерттеу

Сот психологиялық-филологиялық сараптамасы — ауызша және/немесе жазбаша сөйлеу құралдары арқылы әр түрлі хабарламаларды қалыптастыру мен жіберудегі автордың жеке ерекшеліктерін, сондай-ақ қарым-қатынасқа қатысушылардың коммуникативті өзара әрекеттесу ерекшеліктерін анықтау мақсатында әр түрлі текті мәтіндік материалдардың нысаны мен мағыналық мазмұнын зерттеуге бағытталған практикалық қызмет саласы.

Сараптаманың осы түрінің объектілері болып мыналар табылады:

  • мәтіндер;
  • сөйлеген сөздер;
  • дискурс.

Сараптаманың осы түрінің объектілері болып мыналар табылады:

  • заманауи полиграфия құралдарының көмегімен басылған мәтіндер, сондай-ақ интернет-коммуникация мәтіндері: кітаптар, брошюралар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар; нақты бір адамға не адамдар тобына жолданған, үнпарақтар, плакаттар және т. б. нысанында орындалған хабарламалар; әртүрлі аудио-,бейнежазбалар;
  • әр түрлі аудио, бейне жазбалар;
  • дербес компьютерлер жадында, компакт-дискілерде, флеш-карталарда, басқа да электрондық тасымалдағыштарда бар, сондай-ақ Интернет желісінің беттеріндегі мәтіндік файлдар және/немесе олардың басып шығарылғаны;
  • ауызша немесе жазбаша сөйлеу құралдарымен (хаттар, сөз сөйлеулер, аудио-,бейнежазбалар) орындалған, сондай-ақ әртүрлі техникалық құралдардың көмегімен (телефон арқылы сөйлесулер) жанама түрде орындалған нақты тұлғаға жеке жүгінулер;
  • белгілі бір даулы жағдайда анық еместікпен сипатталатын жеке сөз сөйлеу конструкциялары және/немесе айтылымдар.

Сот психологиялық-филологиялық сараптамасының міндеттері:

  • мәтіннің, сөйлеудің жалпы бағытын, олардың сипаттамасын анықтау;
  • жеке авторлық ұстанымды жеткізудің жалпыға қол жетімділігі тұрғысынан баяндау нысанын, мәтінде жасырын, жанама мағынаның болуы/болмауын анықтау;
  • зерттелетін объектілерді баяндау стилін айқындау, нормативтік емес сөздерді, сондай-ақ жеке тұлғаның ар-намысын қорлауға және қадір-қасиетін төмендетуге бағытталған теріс мәліметтерді пайдалану;
  • лексемалардың, сондай-ақ сөйлеу құрылымдарының қазақ, орыс тілінің нормаларына сәйкестігін/сәйкессіздігін анықтау;
  • сөзбен жүгінуді мазмұндаудың қолданылатын нысанын және сипатын; сөйлеу дағдыларын пайдалану дәрежесін: грамматикалық, стилистикалық, синтаксистік және т.б. зерделеу;
  • ұсынылған материалдардың адамның (адамдар тобының)эмоционалды, ерікті саласына, бұқаралық санасына әсер етуінің психологиялық аспектісін анықтау;
  • діни ұйымға психологиялық тәуелділікті қалыптастыру мақсатында адамға әртүрлі тәсілдермен әсер ету фактісін анықтау;
  • сөйлеушінің коммуникативтік ниетін айқындау; әңгімелесуге қатысушылар арасындағы қарым-қатынастың сипатын айқындау (ресми, бейресми);
  • коммуникативті позицияны анықтау (белсенді, пассивті); коммуниканттардың иерархиялық рөлдерін анықтау (тең, тең емес қатынастар);
  • әңгімелесудің жалпы тақырыптарын анықтау; белгілі бір іс-әрекетке итермелеу белгілерінің бар/жоқтығын анықтау; қауіп белгілерінің бар/жоқтығын анықтау; белгілі бір семантикалық компоненттің бар/жоқтығын анықтау; эксплицитті (ашық) және жасырын (жасырын, жанама) ақпаратты анықтау.

Біздің сарапшылар