Сот сараптамаларын жүргізу

Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті

11.2 Ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-техникалық зерттеу

Қандай жағдайларда ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-техникалық зерттеу қажет?

Ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-техникалық зерттеу ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану кезінде, сондай-ақ жер учаскелерін пайдалану кезінде туындайтын нақты деректер анықталған жағдайда қажет.

Сарапшы нені зерттейді?

Сот құрылысы-экономикалық зерттеулер техникалық зерттеуге келесілер жатады:

  • ғимараттар мен имараттар;
  •       ғимараттар мен имараттардың жеке құрылымдық элементтері;
  •       аяқталмаған құрылыс объектілері;
  •       жақсартумен айналысып жатқан жер телімдері;
  •       зерттеу мәніне байланысты өзге де объектілер;
  •       қылымыстық, азаматтық және әкімшілік істердің материалдары;
  •       техникалық құжаттамалар: инвентаризациялық істер, техникалық паспорттар, паспорттар (пайдаланудағы объектілер үшін);
  •       жер-кадастрлық істері,
  •       жер телімдеріне меншік құқығы актілері (уақытша өтеулі жерді пайдалану құқығы);
  •       түсіндірме жазбадан, жұмыс сызбаларынан, сметалық құжаттамалардан тұратын құрылыс объектілерінің жобалау-сметалық құжаттамалары (ЖСҚ). ЖСҚ белгіленген тәртіпте рәсімделген және бекітілген қағаз нұсқада және толық көлемде ұсынылу қажет. Қажет болған жағдайда ЖСҚ қосымша нұсқасы электронды тасымалдағышта ұсынылуы мүмкін;
  •       жұмыстарды алып тастау/қосудың сметалық есебінің қосымшасымен бірге жобалау-сметалық құжаттамаларды өзгертуге техникалық шешім;
  •       келісімшарт құжаттамалары (соның ішінде келісімшартқа қосымша);
  •       атқарушылық құжаттамалар (авторлық және техникалық қадағалау журналдары, жұмыстарды жүргізу журналы, жасырылған жұмыстарды куәландыру актісі, орындалған жұмыстардың орындау сызбалары, жауапты құрылымдарды аралық қабылдау актілері, құрылыс материалдарына, бұйымдар мен құрылымдарға сәйкестік сертификаттары, басқа да құжаттар);
  •       орындалған жұмыстарды қабылдау актілері (2в-нысаны) және орындалған құрылыс-монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарының құны туралы анықтамалар (3-нысан).
  •       жобалау-сметалық құжаттамасына байланыстыра отырып орындалмаған жұмыстар мен қосымша орындалған жұмыстардың көлемі көрсетілген нақты орындалған жұмыстар көлемін өлшеу актілері;
  •       автокөлік жолдарының асфальтбетон қоспасын сынау хаттамалары;
  •       автокөлік жолдарын жөндеуге арналған зертханалық қорытынды;
  •       втокөлік жолдары төсемінің жол негізінің қабаттық тығыздығын анықтау жөніндегі зертханалық қорытынды;
  •       жол негізін қабаттары бойынша жер қазу жұмыстарының көлемін анықтау жөніндегі маман қорытындысы;
  •       құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдарын сынау хаттамалары;
  •       құрылыс-монтаждау және құрылыс- жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде болған апаттың техникалық себептерін тексеру актісі;
  •       ПИК өкілдері, куәлар және басқа да адамдар құрамындағы комиссия жасаған, су басу себептері көрсетілген, су басу туралы актілер;
  •       өрт болған орынды қарап-шығу актісі;
  •       оқиға орнын қарап-шығу хаттамасы;
  •       сарапшының өтінішхаты негізінде ұсынылған маман қорытындысы;
  •       зерттеу тақырыбына байланысты басқа да құжаттар болып табылады.

Ғимараттар мен құрылыстарды сот-сараптамалық құрылыс-техникалық зерттеу кезінде қандай міндеттер шешіледі?

  • нақты орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының (немесе жөндеу-құрылыс жұмыстарының)түрлері мен көлемін анықтау;
  • нақты орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының (немесе жөндеу-құрылыс жұмыстарының) түрлері мен көлемдерінің жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін айқындау;
  • орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының (немесе жөндеу-құрылыс жұмыстарының) сапасының құрылыс нормаларына сәйкестігін айқындау;
  • құрылыс материалдарының сапасының нормаларға сәйкестігін анықтау МЕМСТ, ТШ;
  • құрылыс объектісінің зақымдану себебін анықтау;
  • үй иеленуді (құрылысты және жер учаскесін) бөлудің техникалық мүмкіндігін заттай айқындау;
  • жер учаскесінің шекараларының құқық белгілейтін құжаттарға сәйкестігін айқындау.

Осы сараптама шеңберінде мынадай мәселелер шешіледі:

  1.   объектіні (атауын және орналасқан жерін көрсету керек) салу (жөндеу) кезіндегі нақты орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының (немесе жөндеу-құрылыс жұмыстарының) түрлері мен көлемін анықтау;
  2.       объектіні (атауын және орналасқан жерін көрсету керек) салу (жөндеу) кезіндегі нақты орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының (немесе жөндеу-құрылыс жұмыстары) сапасы құрылыс нормаларына сәйкес келе ме;
  3.       құрылыс материалдарының сапасы МемСТ, ТШ нормаларына сәйкес келе ме;
  4.       объектідегі (атауын және орналасқан жерін көрсету керек) ақаулар мен зақымдардың пайда болу себебі қандай;
  5.       объектіні (атауын және орналасқан жерін көрсету керек) су басудың себебі қандай;
  6.       иеліктегі үйдің (құрылыстың және жер телімінің) болмысын бірдей (немесе басқа, үлестердің көлемін көрсету керек) тұратын екі (үш, төрт және тағы басқа) бөлшектерге бөлу мүмкін бе;
  7.       кадастр №.ХХ алаңы ХХ шаршы метрді құрайтын жер телімінің шекаралары (телім орналасқан жер) мекенжайда орналасқан жер телімінің құқық белгілеуші құжаттарына (құжаттың атауын көрсету қажет) сәйкес келе ме;
  8.       жер телімінде орналасқан құрылыс қала құрылысы, өртке қарсы және санитарлық-техникалық нормаларға сәйкес келе ме.

Біздің сарапшылар