Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті
18.3 Сот-сараптамалық инженерлік-психофизиологиялық зерттеу
Сот-сараптамалық инженерлік-психофизиологиялық зерттеу жол-көлік оқиғалары туралы қылмыстық және әкімшілік істер бойынша іс жүргізу кезінде жүргізіледі.
Сараптама объектілері:
жүргізушінің жеке басы, оның көлік құралын басқару бойынша психикалық қызметі, ЖКО-мен себептік байланыста болуы мүмкін жүргізушінің психикалық жай-күйі, процестері, қасиеттері, функциялары;
ЖКО орны;
ЖКО алдында және кезінде жүргізуші қызметінің шарттары;
ЖКО мән-жайлары туралы психологиялық сипаттағы ақпаратты қамтитын материалдар, сараптама нысанасына қатысты істің өзге де материалдары
Сот-психофизиологиялық сараптамасы қандай мән-жайларды анықтайды?
тікелей ЖКО алдындағы және ЖКО жасау сәтіндегі жүргізуші қызметінің ерекшеліктері (ЖКО-мен себептік байланысы бар жүргізушінің міндеттері, уәждері, іс-әрекеттері және операциялары, сондай-ақ олардың жалпы психофизиологиялық заңдылықтарға сәйкестігі);
тексеру сәтіндегі жүргізушінің көру арқылы қабылдауы мен реакциясының жеке ерекшеліктері;
ЖКО қатысы бар жүргізушінің кәсіби қызметінің ерекшеліктері;
апаттың туындауына ықпал етуі мүмкін болған психологиялық сипаттағы құбылыстар.