Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті
10.5 Дыбыстау-бейнелеу және бағдарламалық өнімдерін сот-сараптамалық тауартану зерттеуі
Объектілер:
ақпарат тасымалдағыштар (аудиокассетталар, бейнекассетлар, компакт-дискілер, компьютерлік дискеталар, бағдарламалық өнімдер) және олардың құраушылары: аудио-, бейнекассетталардың корпусы мен магниттік таспасы, компакт-дискілер мен дискеталардың беттері (өлшемдері, беттердің профильдері);
тасымалдағыштардағы туындылардың жазбалары: негізгі параметрлер (формат, түрлі-түсті телевизия жүйесі, жазу режимі); жазу шарттары (жазу түрі: аналогтық, цифрлық);
түпнұсқа немесе көшірме: көшірменің «нөмірі», қайта жазудың «нөмірі»; толық бейнесигналдың (сәйкестік немесе стандартты көрсеткіштерден айырмашылық);
жұмыс параметрлері (туындының және оның жекелеген бөліктерінің бүкіл жазбасының жалпы ұзақтығы, жарнамалық роликтің болуы және жазу ұзақтығы, жарнамалық блоктағы жарнамалық роликтердің жазылу реттілігі, жарнамалық роликтің және туындының жазылу реттілігі, тайм-кодты жазу (болуы немесе болмауы, оның түрі, көрсеткіштері және орналасқан жері);
туындының жалпы құрамдас сипаттамалары (титрлар, туындының атауы, актерлер мен жасаушылардың немесе орындаушылардың құрамы);
туындының құрамы (сериясы, бөлігі) және оның мазмұны;
бейнені (түс беру, шуыл, кедергі және кескіннің бұзылуы) және дыбысты (ойнату кезінде шу, кедергі және бұзылулардың болуы, бір мезгілде қайталамау, дыбыстау түрі) жазу сапасының стандарттары;
буып-түю және тауар туралы ақпарат тасымалдағыштар: орама қорабы мен қосымша бет туындының немесе бағдарламалық өнімнің жазба тасымалдағышын ресімдеу құралы ретінде: дизайнның бейнесі;
құқық иеленушінің құқықтарын қорғау элементтері (авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды қорғау белгілері, фирманың логотипі бар голографиялық жапсырмалар, тауар белгісі, жеке штрих-код, туынды авторлары және олардың құқықтарының қорғалуы туралы ақпарат);
қораптың және қосымша беттің материалдары, оларда бейнелерді жасау және қайта басып шығару құралы ретінде (қағаз, картон, желім, бояғыш және голографиялық жапсырмалардың өзге де материалдары, дизайнның және баспа мәтіндерінің бейнелерін салуға арналған бояулар (бояғыштар).