Спиртқұрамды сұйықтықтарды сот-сараптамалық зерттеудің мәні — сот сараптамасы, химия және спиртқұрамды сұйықтықтарды дайындаудың технологиясы мен оларды зерттеу әдістері саласындағы аранайы ғылыми білімдер негізінде қылмыс оқиғалары туралы нақты деректерді анықтау болып табылады.
Сарапшы нені зерттейді?
сот-сараптамалық зерттеу объектілері спирт, арақ, коньяктар, ликер, зауытта және қолдан жасалған шарап, үй жағдайында жасалған өнімдер (ашымақ, чача, самогон), тасымалдаушы-заттардағы осы сұйықтықтардың іздері, СҚС-ны өндірудің технологиясы болып табылады.
СҚС сот-сараптамалық зерттеуінің сараптамасы қандай міндеттерді шешеді?
Осы сараптама шеңберінде мынадай мәселелер шешіледі: