Металдар мен қорытпаларды және олардан жасалған бұйымдарды сараптау химиялық зерттеулер тобына жатады және металл табиғатының кез келген объектілерін талдау үшін қолданылады. Зерттелетін заттар немесе фрагменттер металдардан, қорытпалардан жасалуы, неғұрлым ірі металл объектілерінің бөліктері (оның ішінде микробөлшектер) болуы мүмкін.
Металлтанушы-cарапшы нені зерттейді?
Металдар мен қорытпаларды сот-сараптамалық зерттеу объектілері металдар мен қорытпалардан жасалған өнім, бұйымдардың жекелеген бөліктері, металдарды да, бұйымдарды да алуға арналған шикізат материалы, тасымалдаушы затта металл бөлшектерінің қатпарлану іздері, металдарды, қорытпаларды алудың және белгілі бір өнімді дайындаудың технологиялық процестері болып табылады.
Металдар мен қорытпаларды сот-сараптамалық зерттеумен шешілетін міндеттер:
Ескертпе:
Бұйымдарды сертификатталған өнімге немесе белгілі бір өндіруші зауыттың өніміне жатқызу мақсатында мәселені шешу кезінде осы өнімге сапа сертификаттарын және осы зауыттың салыстырмалы үлгілерін ұсыну қажет.
Белгілі бір өндіруші зауыттың өнім сапасын зерттеу үшін осы зауыттың үлгілерінен басқа технологиялық құжаттаманы ұсыну және қажет болған жағдайда зерттеуді ұйымдастыру қажет.
Осы сараптама шеңберінде мынадай мәселелер шешіледі: