Сот сараптамаларын жүргізу

Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті

9.4 Сот-сараптамалық қаржы-бюджеттік зерттеу

Қандай жағдайларда сот-сараптамалық қаржылық-бюджеттік зерттеу қажет?

Сот-сараптамалық қаржылық-бюджеттік зерттеу сот-экономикалық сараптаманың бір түріне жатады, салық салу мақсатында салық төлеушінің қызметін толық зерттеуге және талдауға, кәсіпорынның мемлекеттік бюджетпен өзара қарым-қатынасы бойынша қызметін талдауға мүмкіндік береді.

Сарапшы нені зерттейді?

  • бастапқы және бухгалтерлік құжаттар, салық және бухгалтерлік есеп саясаты;
  • шарттар, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, орындалған жұмыстар актілері, пайдалануға беру актілері, есептен шығару актілері және өзге де құжаттар.
  • салық есептілігінің нысандары;
  • бюджет қаражатын мақсатты пайдалану жөніндегі құжаттар (құжаттар, келісімдер, өтінімдер және басқалар);
  • мемлекеттік бюджетпен қарым-қатынасқа қатысты басқа құжаттар.

Сот-сараптамалық қаржылық-бюджеттік зерттеу кезінде қандай міндеттер шешіледі?

  •   Салықтық және өзге де міндеттемелер шеңберіндегі бюджет алдындағы қарыздардың барын немесе жоғын анықтау;
  •       бюджеттік қаражаттардың мақсатты пайдаланылғанын анықтау;
  •       іс үшін маңызы бар өзге де қаржы-бюджеттік операцияларды зерттеу.

Осы сараптама шеңберінде мынадай мәселелер шешіледі:

  1. бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің (салық пен міндетті төлемнің түрін, зерттеу кезеңін көрсете отырып) мөлшері қаңдай;
  2.       бюджетке төленген/төленбеген салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің (салық пен міндетті төлемнің түрін, зерттеу кезеңін көрсете отырып) мөлшері қандай;
  3.       бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге (салық пен міндетті төлемнің түрін, зерттеу кезеңін көрсете отырып) қоса есептелуге жататын сомасы қандай;
  4.       бөлінген бюджеттік қаражаттардың нысаналық мақсатын анықтау;
  5.       іс үшін маңызы бар және сарапшының құзыретіне жататын өзге де сұрақтар.

Біздің сарапшылар