Сот сараптамаларын жүргізу

Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті

8.4 ЖКО орнындағы жолдың техникалық күйін, жол жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу

Жол-көлік оқиғалары (бұдан әрі – ЖКО) болған жердегі жолдың техникалық жай-күйін, жол жағдайларын сот-сараптамалық зерттеуі ЖКО байланысты автомобиль жолдары мен оның элементтерінің құрылыс және пайдалану сапалары, жол жағдайлары және қоршаған орта, сондай-ақ автомобиль жолдарымен өзара әрекеттестетін көлік құралдары элементтерінің құрылымдары мен жай-күйі туралы нақты деректерді анықтау мақсатындағы тікелей оқиғаға дейін және кейін көлік құралдарының қозғалысы болып жатқан автомобиль жолының бөлігін, оқиға орнының бөлігін, осы бөліктегі жол дағдайларын, жолмен өзара әрекеттесетін көлік құралдарының элементтерін сарапшылық зерттеумен байланысты.

Объектісі — оқиға орнындағы жолдың бөлігі, оған тікелей жалғасып жатқан көлік құралдары қозғалысының бөліктері, жолмен өзара әрекеттесетін көлік құралдарының элементтері.

Міндеттер:

  • жолдың негізгі біліктілік сипаттамаларын анықтау;
  •       оның құрылымдық элементтері мен жол жағдайларының техникалық жай-күйін анықтау;
  •       жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жолдағы ақаулықтардың пайда болу себептері мен уақытын анықтау.

Біздің қызметтер