Сот сараптамаларын жүргізу

Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті

7.7 Арнайы химиялық заттарды сот-сараптамалық зерттеу

Арнайы химиялық заттарды (бұдан әрі – АХЗ) сот-сараптамалық зерттеудің мәні – химия, осы объектілердің құрамы және оны зерттеу әдістемесі саласындағы арнайы ғылыми білімдерді пайдалана отырып сот сараптамасы теориясының жалпы қағидалары негізінде тергелетін оқиғаның нақты деректерін, жағдаяттарын анықтау болып табылады.

Сарапшы нені зерттейді?

  • арнайы химиялық заттардың микро іздері бар тасымалдаушы-объектілер;
  •       құрамында адам денесінің кейбір бөліктерінің бетінде, адам киімінде, оқиға орнындағы заттардың қалпының тасымалдаушы-заттарда табылған арнайы химиялық заттарды қамтыған және қолдан жасалған жайғастыру заттарға көшірілген микро іздер;
  •       арнайы химиялық заттармен оқшауландырылған объектілер;
  •       сараптамалық зерттеуге арналған үлгілер;
  •       объектілерді оқшаулау, АХЗ шағын іздерін табу, алу және шегендеу туралы мәліметтерді қамтыған іс материалдары;

Арнайы химиялық заттарды сот-сараптамалық зерттеу сараптамасы қандай міндеттерді шешеді?

  •  тасымалдаушы-заттардағы АХЗ жататын салқын күйде сәуле таратын заттарды (люминифорларды) табу;
  •       люминифордың із жасау мүмкіншілігі мен тасымалдаушы-заттардың бетіндегі із қабылдау мүмкіншілігін, олармен түйісу кезінде қатпарлар іздерінің пайда болу мүмкіндігі мен шартын зерделеу мақсатында анықтау;
  •       тасымалдаушы-заттарда табылған люминофордың жіктеушілік тиістілігін анықтау;
  •       тасымалдаушы-заттардағы люминофорлар және люминифор үлгісін, олардың бір жіктеуішке, түрге, маркаға жатқызу мақсатында салыстырмалы зерттеу, яғни салыстырылып отырған люминофорларды тектік, топтық тиістілігін анықтау;
  •       тасымалдаушы-заттардағы люминофор із-қатпарлары мен люминофор үлгісінің құрамы бойынша бір (нақты) көлемге, массаға тиістілігін анықтау, яғни сәйкестендірушілік міндеттің шешімі – бүтінді бөлігі бойынша сәйкестендіру;
  •       люминофорлардың тасымалдаушы-объектіде (негізінде киімде және қол сүртіндісі бар мақта томпонында), аталған іздердің сүртіндіні өндіру механизміне сәйкес келуін анықтау мақсатында із жасау механизмін анықтау;
  •       күдіктінің қолдарының, оның киім бөліктерінің оқшауланған объектілермен түйіспелі өзара әрекет ету фактісін анықтау.

Осы сараптама шеңберінде мынадай мәселелер шешіледі:

  1. Ұсынылған объектілерде арнайы химиялық заттар (АХЗ) бар ма?
  2. Морфологиялық белгілері, химиялық құрамы бойынша күдіктінің шашында, терісінде, киімінде, қылмыс құралында, күдіктіге тиесілі өзге де заттарда табылған бояғыш зат оқиға орнында алынған және салыстырмалы зерттеу үшін үлгі ретінде ұсынылған затпен біртекті ме?

Біздің сарапшылар