Сот сараптамаларын жүргізу

Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті

7.6 Спирт құрамды сұйықтықтарды сот-сараптамалық зерттеу

Спиртқұрамды сұйықтықтарды сот-сараптамалық зерттеудің мәні — сот сараптамасы, химия және спиртқұрамды сұйықтықтарды дайындаудың технологиясы мен оларды зерттеу әдістері саласындағы аранайы ғылыми білімдер негізінде қылмыс оқиғалары туралы нақты деректерді анықтау болып табылады.

Сарапшы нені зерттейді?

сот-сараптамалық зерттеу объектілері спирт, арақ, коньяктар, ликер, зауытта және қолдан жасалған шарап, үй жағдайында жасалған өнімдер (ашымақ, чача, самогон), тасымалдаушы-заттардағы осы сұйықтықтардың іздері, СҚС-ны өндірудің технологиясы болып табылады.

СҚС сот-сараптамалық зерттеуінің сараптамасы қандай міндеттерді шешеді?

  •  қолданыстағы жіктеуіштерге (ғылыми-техникалық, сауда) сәйкес ыдыстағы немесе іздердегі СҚС белгілі бір түрге тиістілігін анықтау;
  •       СҚС дайындаудың тәсілін анықтау;
  •       СҚС өнеркәсіптік өндіріс бұйымының белгілі бір түрі (типі) мен сортына тиесілі екенін анықтау;
  •       Мемстандарт сипаттамаларына сәйкес келуін анықтау;
  •       СҚС ортақ тектік, топтық тиістігін анықтау;
  •       СҚС дайындалу (өндіру) орны мен тәсілі бойынша олардың ортақ шығу көзін анықтау;
  •       тергеліп жатқан оқиғаға байланысты бөліктерге бөлінген СҚС нақты көлемін ұқсастыру;
  •       СҚС бірыңғай купажға тиістігін анықтау;
  •       үй жағдайында күшті спирттік ішімдіктерді алуға арналған әр түрлі құралдар мен құрылымдарды айыру аппараттарына жатқызу.

Осы сараптама шеңберінде мынадай мәселелер шешіледі:

  1. Бұл алкоголь бар сұйықтық құрамында спирттік сусындардың қай түріне жатады?
  2. Бұл алкоголь бар сұйықтық құрамында спирттік сусындардың қай түріне жатады?
  3. Осы СҚС (қолөнер немесе зауыт) дайындау әдісі қандай?
  4. СҚС зерттеуіне ұсынылған МЕМСТ талаптарына, тығындау, желімдеу, құты түрі, физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша спирттік сусынның нақты түріне сәйкес келе ме?
  5. Ұсынылған құрылғы (бөлшектер) спирттік сусындарды өндіруге арналған аппарат (аппарат бөлшектері) болып табыла ма?

Біздің сарапшылар