Сот сараптамаларын жүргізу

Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті

7.4 Топырақты сот-сараптамалық зерттеу

Топырақты сот-сараптамалық зерттеудің мәні ретінде криминалистика, топырақтану және басқа да ғылымдар саласындағы арнайы ғылыми білімдер негізінде объектінің жергілікті жердің нақты бір телімінде тұрғандығын дәлелдейтін нақты жағдайларды анықтауды түсіну керек.

Сарапшы нені зерттейді?

  • тасымалдаушы-заттардағы (КҚ-да, киімде, аяқкиімде, бұзу саймандарында, кісі өлтіру мен жарақаттау құралдарында) топырақ текті заттардың қатпарлары;
  •       жергілікті жердің нақты бір телімі немесе осы телімнен алынған топырақтың салыстырмалы және бақылау үлгілері (қоса берілген жоспар-сызба бойынша алынған);
  •       жергілікті жер телімінің сипатталу ерекшелігі, өсімдіктердің, техногендік жаратылыстың сипаттамалары көрініс табатын оқиға орнын қарау хаттамасы;
  •       топырақ үлгілерін алу уақыты, орны, тәсілі көрсетілген хаттамалары;
  •       оқиғадан кейінгі кезеңде, сараптамаға ұсынылғанға дейін заттай дәлелдемелер ретінде бөлінген материалдық объектілерге әсер ету факторлары туралы (сәйкестендірушілік кезең); оқиға болған және үлгілерді алған сәттегі ауа-райы жағдайлары туралы анықтамалық ақпараттар.

Топырақты зерттеу кезінде қандай міндеттер шешіледі?

  • тасымалдаушы-объектілерде топырақ қатпарларының бар екенін анықтау;
  •       тасымалдаушы-заттардағы қатпарлардың нақты бір жер теліміне жататындығын анықтау (сонымен бірге аралық міндеттер салыстырылып отырған объектілердің тектік, топтық тиістілігін анықтау болып табылады);
  •       тасымалдаушы-заттардағы топырақ қатпарының пайда болу механизмін анықтау;
  •       тасымалдаушы-заттардағы қатпарларының пайда болуының мезгілдік сипаттарын анықтау.

Осы сараптама шеңберінде мынадай мәселелер шешіледі:

  1. Ұсынылған заттарда топырақ қабаттары бар ма?
  2. Салыстырылатын заттардың жалпы, топтық байланысы бар ма?
  3. Объектілердегі топырақ қабаттары олар бойынша белгілі бір аумақты немесе бөлмені анықтауға жарамды ма?
  4. Топырақ қабаттары аталған оқиға орнына тиесілі ме?
  5. Топырақ қабаттарының пайда болу механизмі қандай?
  6. Ұсынылған топырақ затының оқиға орнына тән ерекшеліктері бар ма?
  • іс үшін маңызы бар және сарапшының құзыретіне жататын өзге де мәселелер

Біздің сарапшылар