Сот сараптамаларын жүргізу

Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті

7.1 Лакты бояу материалдарын, жабындар мен полимер материалдарын сот-сараптамалық зерттеу

Лактыбояу материалдарын, жабындар мен полимер материалдарын (бұдан әрі – ЛБМ, ЛБЖ, ПМ) сот — сараптамалық зерттеу осы объектілерді зерттеудің технологиясы,  құрамы мен оларды зерттеу әдістерін пайдалана отырып, сот сараптамасының жалпы ережелерінің негіздерінде ЛБМ, ЛБЖ, ПМ сараптамалық зерттеу көмегімен тергелетін оқиғаның нақты деректерін, жағдайларын анықтайды.

Сарапшы нені зерттейді?

ЛБМ, ЛБЖ және ПМ сот-сараптамалық зерттеу объектілері оқиға орнындағы заттардың орналасу қалпының әр түрлі элементтері – беті боялған заттар мен полимер материалдардан жасалған бұйымдар, лактыбояу материалдары және оның компоненттері, лактыбояу материалдарымен жұмыс істеуге арналған аспаптар мен құрылғылар, өзара түйіспелі әрекет іздері бар боялған заттардың нақты жиынтықтары, полимер бұйымдар үшін шикізаттың белгілі бір жиынтығы, оларды дайындау үшін қажет механизмдер мен жабдықтар болып табылады.

ЛБМ, ЛБЖ және ПМ зерттеулері қандай міндеттерді шешеді?

  •  затты ЛБМ, ЛБЖ, ПМ жатқызу мақсатында оның табиғатын, сондай-ақ құрамы мен қандай мақсатқа арналғанын анықтау;
  • нақты объектілерге теңдестіру үшін (заттардың лактыбояу жабындарын, лактыбояу материалдарының көлемін, полимер материалдардан жасалған бұйымдарды) ЛБМ, ЛБЖ, ПМ өте ұсақ бөлшектері мен өте ұсақ іздерінің жарамды екенін анықтау;
  • салыстырылатын ЛБМ, ЛБЖ, ПМ объектілерінің ортақ тектік, топтық тиістілігін анықтау;
  • нақты боялған заттың жеке бөліктері немесе тасымалдаушы-заттардағы із қатпарлары бойынша оларды теңдестіру;
  • ЛБМ із қатпарларының, тасымалдаушы-заттардағы ЛБЖ мен ПМ бөлшектерінің пайда болу механизмін анықтау;
  • зерттелетін объектілердің (КҚ жаяу жүргіншінің киімімен, екі және одан көп КҚ, бұзу аспабының нақты боялған затпен (аталған міндеттер кешенді сипатта болады және кешенді сараптама щеңберінде жүргізіледі) өзара түйіспелі әрекетінің фактісі мен механизмін анықтау;
  • ЛБМ, ЛБЖ, ПМ іздері бойынша олардың шығу көздерін анықтау: беті боялған затты, ЛБМ ыдыстарын, дайындаушы-кәсіпорынын;
  • затты қайта бояудың фактісі мен тәсілін анықтау болып табылады.

Осы сараптама шеңберінде мынадай мәселелер шешіледі:

  1. зерттеуге ұсынылған зат, оның ішінде тасымалдаушы-заттағы із қатпарларының заты, лактыбояу материалы немесе ЛБЖ, ПМ бөлшектері (белгілі бір тегі, түрі) болып табыла ма;
  2.       салыстырылатын объектілердің құрамы, сақталу мен пайдалану шарттары бойынша ортақ тектік, топтық тиістілігі бар ма (егер болса, қандай);
  3.       ЛБМ, ПМ зертелетін бөліктері бұрын бір көлемді (массаны) құраған ба;
  4.       ЛБЖ, ПМ бөлшектері (тасымалдаушы-заттағы немесе оқиға орнынан алынған) нақты заттың ЛБМ бөлігі немесе полимер материалдан жасалған бұйымның бөлігі болып табыла ма;
  5.       салыстырылатын нысанда объектілердің шығу көздері (технологиясы, ЛБМ мен ПМ дайындау тәсілі, бояу жағу бойынша) бір ме;
  6.       нақты заттар өзара түйіспелі әрекетте болған ба;
  7.       нақты затқа ЛБМ жағу тәсілі қандай;
  8.       ЛБМ, ПМ жасалған бұйымдарды дайындау тәсілі қандай;
  9.       белгілі заттың бетін толық немесе жартылай қайта бояу фактісі болған ба, оның бастапқы бояуы қандай;
  10.       бояу іздерінің немесе ЛБЖ, ПМ бөлшектері іздерінің пайда болу механизмі кандай және ол нақты болған оқиғаға сәйкес келе ме;
  11.       ЛБЖ, ПМ (ЛБМ көлемдері) табылған бөлшектері оқиға болған орынның (автокөліктің ЛБЖ, ПМ жасалған бұйымдар, құралдар) затттық жағдайының нақты элементін теңдестіру үшін жарамды ма.

Біздің сарапшылар