Сот сараптамаларын жүргізу

Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті

6.1 Сот-сараптамалық баллистикалық зерттеу

Сот баллистикалық сараптамасы не үшін жүргізіледі?

Қаруды, оқ-дәріні, ату іздерін зерттеу кезінде арнайы ғылыми білімдер негізінде анықталатын қаруды, оқ-дәріні, ату іздерін зерттеу кезінде тергелетін оқиғаның нақты деректерін, жағдайларын анықтау.

Сот баллистикалық сараптамасы нені зерттейді?

Зерттеу объектілері тұтасымен қару және оның жекелеген бөліктері, оқ-дәрілер және оқ-дәрілер жарақтарының компоненттері жәбірленушінің киімінің және оқиға орнынан іздердің (тесіктердің, рикошет іздерінің) зақымдануы, оқ-дәрілерді дайындау және қаруды қайта жасау үшін пайдаланылатын материалдар, шикізат, құрал-саймандар, газды қару мен оның патрондары, сараптамалық зерттеуге арналған үлгілер, сараптама нысанасына жататын ақпаратты қамтитын іс материалдары (заттай дәлелдемелерді қарап-тексеру және алу хаттамалары, оқиға орнын қарап-тексеру хаттамалары, оқиға орнын қарап-тексеру сызбасы, сот-медициналық сараптаманың қорытындысы).

Сот-баллистикалық сараптамамен шешілетін міндеттер:

  • атыс қаруы мен оқ-дәрілердің түрін, моделін және калибрін белгілеу, атыс оқтары, гильзалары бойынша қарудың нақты данасын белгілеу;
  • қару мен оқ-дәрілерді атуға жарамдылығын анықтау;
  • патрондардың, оқтардың, гильзалардың, бытыралардың, картечтердің біркелкілігін анықтау;
  • ату бағытын, бұрышын, қашықтығын анықтау мақсатында кедергілердегі атыс іздерін зерттеу.

Біздің сарапшылар