Сот сараптамаларын жүргізу

Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті

5.1 Сот-сараптамалық трасологиялық зерттеу

Трасологиялық сараптама әртүрлі іздерді зерттеу кезінде олардың пайда болу механизмін анықтау және оларды қалдырған объектіні анықтау үшін нақты деректерді анықтайды

Сарапшы трасолог нені зерттейді?

  • іздерді, іздердің үлгілерін және оқиға орнында алынатын өзге де заттай дәлелдемелерді;
  •  тексерілетін объектілерді;
  • үлгілерді
  • оқиға орнының заттай немесе суреттерде және қарау хаттамаларында тіркелген заттық жағдайын;
  • іздерді алу орны, уақыты және әдісі туралы мәліметтерді.

Трасологиялық сараптама барлық іздерді зерттемейді, тек механикалық іздер-бейнелерін ғана зерттейді.

Трасологиялық сараптама қандай міндеттерді шешеді?

  • әр түрлі объектілерді олардың із-кескіндері бойынша топтық тиістілігін анықтау және сәйкестендіру;
  • бөліктердің бір бүтінге тиесілі екендігін анықтау;
  • із жасаудың механизмі мен жағдайын диагностикалау, іздердің болған оқиғаға қатыстылығын, із қалдырған объектілердің қасиеттері мен белгілерін анықтау;
  • із қалдырылған кездегі жағдаяттарды анықтау; объектілердің суық қару санатына қатыстылығын анықтау.

Қолдар мен жалаң аяқтардың іздерін дактилоскопиялық зерттеу трасологиялық зерттеудің бір түрі болып табылады және адамды қол саусақтары мен алақандарының ішкі бет қабаттарының іздері мен таңбалары, сондай-ақ аяғының саусақтары мен табандарының іздері бойынша сәйкестендіру мақсатында тағайындалады.

Біздің сарапшылар