Сот сараптамаларын жүргізу

Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті

3.1 Сот-сараптамалық бейнефонографиялық зерттеу Дауысты және дыбысталған сөздерді спектральді (аспаптық) зерттеу

Криминалистік бейнефонографиялық зерттеу — бұл материалдық тасымалдағыштарда жазылған дыбыстық ақпаратты қалыптастыру және көрсету заңдылықтарына негізделген фактілер мен жағдайларды анықтау мақсатында дыбыстық ақпаратты зерттеу.

Бейнефонографиялық сараптама нені анықтайды?

  • заңсыз және бұрмаланған фонограммалардың мазмұнын;
  • фонограммалар негізінде тұлғаның жеке ұқсастығын;
  • монтаждау белгілерінің болуын/болмауын;
  • фонограмма жасауда қолданылатын дыбыс жазу құрылғыларының қасиеттерін.

Бейнефонографиялық сараптама нені зерттейді?

Магниттік немесе цифрлық тасымалдағышта жазылған сөйлеу және өзге де дыбыстық ақпарат, сондай-ақ дыбыс жазу құралдары сот фонографиялық сараптамасының объектілері болып табылады.

Сөйлесу мәтіндерінің сөзбе-сөз мазмұнын анықтау және әңгімеге қатысатын адамдардың санын анықтау мақсатында ауызша сөйлеу фонограммаларын криминалистикалық зерттеу.

Біздің сарапшылар