Сот сараптамаларын жүргізу

Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті

27.1 Сот химия-токсикологиялық зерттеу

Химиялық-токсикологиялық сараптаманың (зерттеудің) мақсаты токсикологиялық химия саласында арнайы ғылыми танымдарды талап ететін объектілерді (заттай дәлелдемелерді, үлгілерді) химиялық зерттеу болып табылады.

Химиялық-токсикологиялық зерттеу объектілері:

  • адамдар мәйіттерінің ішкі органдары, биологиялық сұйықтықтар және адам денесінен бөлінулер, іс бойынша өтіп жатқан химиялық-токсикологиялық зерттеуді талап ететін басқа да объектілер болып табылады.

Химиялық-токсикологиялық зерттеуге міндетті заттардың тізбесі шешуге қойылған мәселелерге, істің мән-жайларына сәйкес айқындалады және тиісті әдістемелермен айқындалады.

Біздің сарапшылар