Сот сараптамаларын жүргізу

Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті

24.1 Сот-гистологиялық зерттеу

Сот-гистологиялық сараптамасының мақсаты зорлық-зомбылық әрекеттердің әсерінен немесе аурулардан болатын органдардағы (тіндердегі) патологиялық өзгерістердің бар-жоғын және бағалауды, зақымданулардың тірі кездегі мен ескіру мерзімін анықтауды, сондай-ақ сот гистологиясы саласында арнайы ғылыми білімді талап ететін қаулыда және жолдамада келтірілген өзге де мәселелерді шешу болып табылады.

Сот-гистологиялық зерттеу объектілері: 

  • мәйітті ашу кезінде алу жүргізілген органдар мен тіндердің фрагменттері және сот-гистологиялық зерттеуді талап ететін іс бойынша өтетін тірі адамдардың басқа да объектілері (биопсиялық материал) 

Сот-гистологиялық сараптама (зерттеулер) мыналарды қамтиды:

  • препараттарды дайындау (қойылған мақсатты ескере отырып, арнайы бояуларды қолдана отырып);
  • микроскопиялық зерттеу (қосымша зерттеу әдістерін қолдана отырып);
  • зерттеу нәтижелерін ресімдеу (қорытындыларды қалыптастыру)

Біздің сарапшылар