Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті
24.1 Сот-гистологиялық зерттеу
Сот-гистологиялық сараптамасының мақсаты зорлық-зомбылық әрекеттердің әсерінен немесе аурулардан болатын органдардағы (тіндердегі) патологиялық өзгерістердің бар-жоғын және бағалауды, зақымданулардың тірі кездегі мен ескіру мерзімін анықтауды, сондай-ақ сот гистологиясы саласында арнайы ғылыми білімді талап ететін қаулыда және жолдамада келтірілген өзге де мәселелерді шешу болып табылады.
Сот-гистологиялық зерттеу объектілері:
мәйітті ашу кезінде алу жүргізілген органдар мен тіндердің фрагменттері және сот-гистологиялық зерттеуді талап ететін іс бойынша өтетін тірі адамдардың басқа да объектілері (биопсиялық материал)