Сот сараптамаларын жүргізу

Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті

23.1 Сот-жалпы сараптамалық зерттеу

Сот-медициналық сараптамасын құзыретіне мыналар кіретін сот-медициналық сарапшысы (бұдан әрі — сарапшы) жүзеге асырады:

  • зорлықпен өлтірілген жағдайлардағы мәйіттің сараптамасын;
  • күш қолдануға күдік болған кезде немесе мәйітті сот-медициналық тәртіппен зерттеу қажеттілігін туындататын мән-жайлар болған кездегі мәйіттің сараптамасын;
  • денсаулыққа келтірілген зиянның сипаты мен ауырлығын, жасын, жыныстық жағдайын және сот медицинасы саласындағы ілімді талап ететін басқа да мәселелерді шешу үшін жәбірленушілердің, айыпталушылардың және басқа да адамдардың сараптамасын;
  • зертханалық зерттеу әдістерін қолдана отырып, заттай дәлелдемелердің сараптамасын;
  • тергеуге дейінгі тексеру, қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істер бойынша, сондай-ақ жеке айыптау істерінің материалдары бойынша сараптаманы.

Біздің сарапшылар