Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті
22.1 Теміржол көлігін сот-сараптамалық зерттеу
Сараптама объектілері:
поездардың вагондары, локомотивтері, вагонның, локомотивтің, платформаның жекелеген тораптары және сол сияқтылар;
поездың апатқа ұшырауына дейінгі қозғалысымен байланысты құрылғылар (дабыл беру, бұғаттау, орталықтандыру құрылғылары, бағыттамалар және сол сияқтылар);
жолға тікелей іргелес жатқан аумақ аймақтары;
апат болған жермен аумақтық байланысы жоқ объектілер (өту бағдаршамдары, жақын станциялардағы қозғалысты басқару және бақылау құрылғылары, энергиямен жабдықтау құрылғылары);
поездар диспетчерінің поездар қозғалысына қатысушы басқа да қызметкерлермен келіссөздерінің аудиожазбалары;
локомотивтің жылдамдық өлшеу таспасының шифрын ашу нәтижелері;
жылжымалы құрамның рельстен шығып кету іздері көрсетілген және локомотив пен жекелеген вагондардың шығып кетуінің басы мен тоқтау орнын километр мен пикеттерге байланыстыра отырып, оның жолды бұзу және орналасу схемасы;
апат немесе аварияның, зақымданған жолдың, жылжымалы құрам зардаптарының, жолда табылған бөтен заттардың, сынған бөлшектердің, дұрыс тиелмеген вагондардың, жабылған шеткі крандардың, локомотивті басқару органдарының және басқалардың жағдайларының жалпы көріністерінің актілері және фотокестелері;
жол өлшегіш вагондардың ленталарын қоса тіркей отырып жолды жол өлшегіш және дефектоскоптық құралдармен соңғы тексеру, сондай-ақ жолды заттай тексеру нәтижелері туралы ПУ-28 және ПУ-29 кітаптарындағы жазбалардың нәтижелері туралы анықтамалар;
жүргізілген қалпына келтіру жұмыстары туралы акт;
апат (авария) кезіндегі ауа райы жағдайлары туралы ақпарат.
оқиғаға қатысы бар адамдардың, сондай-ақ басқа да қызметкерлердің жазбаша түсініктемелері, апаттың немесе аварияның себебін анықтау үшін қажет болуы мүмкін куәліктері;
Сараптама шеңберінде шешілетін міндеттер:
қозғалыс қауіпсіздігі бұзылған жағдайларды анықтау;
қозғалыс қауіпсіздігін бұзу себептерін анықтау;
қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың алдын алу бойынша технологиялық, профилактикалық жұмыстарды жүргізудегі кемшіліктерді анықтау;
қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың алдын алуға арналған техникалық құралдардың жай-күйін, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану нәтижелерін анықтау.