Сот сараптамаларын жүргізу

Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті

20.1 Гендік түрлендірілген организмдерді сот-сараптамалық зерттеу

Гендік түрлендірілген организмдердің сот сараптамасы нақты уақыт режимінде (RealTimePCR) детекциялау арқылы полимеразды тізбекті реакция әдісін (%-бен) пайдалана отырып, рекомбинантты ДНҚ сәйкестендіруге негізделген тамақ өнімдеріндегі өсімдік тектес гендік түрлендірілген көздердің сандық құрамын анықтау, генетикалық түрлендірілген өсімдіктердің әлемдік және ішкі азық-түлік нарықтарында неғұрлым жиі кездесетін генетикалық конструкцияларын анықтау мақсатында жүргізіледі.

Қарастыратын сараптама мынадай сараптамалық міндеттерді шешеді:

  • тамақ өнімінен түрлендірілген ДНҚ бөліп алу;
  • нақты уақыт режимінде тамақ өнімінен бөлінген түрлендірілген ДНҚ детекция жүргізу;
  • ұсынылған тамақ өніміндегі генетикалық түрлендірілген көздердің (ГТК) пайыздық құрамын анықтау;
  • ҚР сату үшін рұқсат етілген және рұқсат етілмеген өнімдерді анықтау мақсатында зерттелетін өнімді өндіру кезінде пайдаланылған нақты ГТК анықтау;
  • өнімді таңбалау туралы мәселені шешу мақсатында тамақ өніміндегі ГТК сандық құрамын анықтау.

Зерттеу объектілері:

  • құрамында гендік түрлендірілген организмдер болуы мүмкін тамақ өнімдері;
  • ГТК таңбалануы және нақты ГТК тағам өнімдеріндегі сандық құрамы туралы мәліметтерді қамтитын техникалық құжаттама;
  • құрамында ГТК бар, іріктеу немесе бақылау мақсатында сатып алу кезінде алынған тамақ өнімдерінің үлгілері;
  • ГТК жоқ тамақ өнімдерінің салыстырмалы үлгілері, сондай-ақ гендік мутацияға ұшырамаған организмдердің үлгілері;
  • қылмыстық немесе азаматтық іс материалдары: оқиға болған жерді қарау, құрамында ГТК бар тамақ өнімдерін алып қою хаттамалары, сондай-ақ қойылған мәселелерді шешу үшін маңызы болуы мүмкін өзге

Біздің сарапшылар