Сот сараптамаларын жүргізу

Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті

2.1 Сот-сараптамалық габитологиялық зерттеу

Портреттік сараптама (габитология) — мақсаты адамды сәйкестендіру немесе оның жеке сипаттамаларын (жынысы, жасы және т.б.) фотосуретке немесе бейнежазбаға түсірілген сырт келбеті бойынша анықтау болып табылатын криминалистік сот сараптамасының түрі.

Сарапшы-габитолог нені зерттейді?

  • тірі адамдар мен мәйіттердің фотосуреттерін;
  • өзге объектілердегі адамдардың бейнелерін (портреттер, суреттер);
  • сараптамалық зерттеуге арналған үлгілерді.
  • сараптама мәніне қатысты қылмыстық іс материалдарын;

Қандай жағдайларда портреттік сараптаманы жүргізу қажет?

  • іздестіріліп жатқан қылмыскердің және күдік тудырған адамның сыртқы келбеті белгілерінің ұқсастығын немесе айырмашылығын анықтау кезінде;
  • хабар-ошарсыз жоғалған адамның және мәйіттердің немесе тірі адамдардың фотосуреттеріне түсірілген белгілердің ұқсастығын немесе сыртқы келбетінің айырмашылығын анықтау кезінде;
  • хабар-ошарсыз жоғалған адамның және жасырынған қылмыскердің сыртқы келбетінің ұқсастығын немесе айырмашылығын анықтау кезінде;
  • әртүрлі тұлғаларға рәсімделген бірнеше құжаттардағы фотосуреттердегі тұлғалардың сыртқы белгілерінің ұқсастығын немесе айырмашылығын анықтау кезінде;
  • танылмаған адамдардың мәйіттерінің жеке басын анықтау кезінде.

Біздің сарапшылар