Сот сараптамаларын жүргізу

Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті

18.3 Сот-сараптамалық инженерлік-психофизиологиялық зерттеу

Сот-сараптамалық инженерлік-психофизиологиялық зерттеу жол-көлік оқиғалары туралы қылмыстық және әкімшілік істер бойынша іс жүргізу кезінде жүргізіледі.

Сараптама объектілері:

  • жүргізушінің жеке басы, оның көлік құралын басқару бойынша психикалық қызметі, ЖКО-мен себептік байланыста болуы мүмкін жүргізушінің психикалық жай-күйі, процестері, қасиеттері, функциялары;
  • ЖКО орны;
  • ЖКО алдында және кезінде жүргізуші қызметінің шарттары;
  • ЖКО мән-жайлары туралы психологиялық сипаттағы ақпаратты қамтитын материалдар, сараптама нысанасына қатысты істің өзге де материалдары

Сот-психофизиологиялық сараптамасы қандай мән-жайларды анықтайды?

  • тікелей ЖКО алдындағы және ЖКО жасау сәтіндегі жүргізуші қызметінің ерекшеліктері (ЖКО-мен себептік байланысы бар жүргізушінің міндеттері, уәждері, іс-әрекеттері және операциялары, сондай-ақ олардың жалпы психофизиологиялық заңдылықтарға сәйкестігі);
  • тексеру сәтіндегі жүргізушінің көру арқылы қабылдауы мен реакциясының жеке ерекшеліктері;
  • ЖКО қатысы бар жүргізушінің кәсіби қызметінің ерекшеліктері;
  • апаттың туындауына ықпал етуі мүмкін болған психологиялық сипаттағы құбылыстар.

Біздің сарапшылар