Сот сараптамаларын жүргізу

Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті

18.1 Сот-сараптамалық психологиялық-криминалистикалық зерттеу

Психологиялық-криминалистикалық сот сараптамасы — бұл адам психикасының қасиеттерін, ондағы болып жатқан психикалық процестерді көрсететін белгілердің пайда болу, жұмыс істеу, өзгеру заңдылықтарына негізделген, дәлелденуге жататын жеке жағдайларды анықтауға қызмет ететін әрі өздері қылмыстық және азаматтық істер бойынша маңызы бар нақты деректерді сараптамалық зерттеу арқылы анықтауға бағытталған практикалық білім саласы.

Психологиялық-криминалистикалық сараптама объектілеріне мыналар жатады:

  • әр түрлі техникалық құралдардың көмегімен түсірілген заттар;
  • тергеу әрекеттері (жауап алу, айғақтарды орнында тексеру, көзбе-көз беттестіру және тағы басқа), сондай-ақ жасырын тергеу әрекеттері кезінде адамның физиологиялық және психологиялық (эмоционалдық, зияткерлік, ерік-жігерлік) жай-күйін көрсететін ақпарат;
  • оның жай-күйінің белгілі бір өзгеруіне әкеп соғатын ақпарат (эротика, порнография, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттау);

Психологиялық-криминалистикалық сараптама шеңберінде мынадай міндеттер шешіледі:

  • оның психоэмоционалдық, интеллектуалдық-ерік жай-күйін өзгерту мақсатында тергеу іс-әрекеттерін (жауап алу, айғақтарды орнында тексеру, көзбе-көз беттестіру) және жедел бейнежазбаларды жүргізу кезінде адамға әсер ету фактісін әртүрлі құралдармен анықтау;
  • тергеу іс-әрекеттерін, жасырын тергеу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде адамның психоэмоционалдық, зияткерлік-ерік жай-күйін анықтау;
  • объектілерде — заттай дәлелдемелерде (бейнефильмдерде, баспа жұмыстарында, графикалық файлдарда, репродукцияларда,фотосуреттерде) осы объектілерді қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттайтын порнографиялық (эротикалық) объектілерге жатқызуға мүмкіндік беретін белгілер кешенінің болуын анықтау.

Мыналар сот психологиялық-криминалистикалық сараптамасының тікелей зерттеу объектілері болып табылады:

  1. Мағыналық мазмұны адамның жай-күйін өзгертетін объектілер;
  2. Мазмұны адамның өзі жасаған не оған қатысты белгілі бір әрекеттер жасаған кездегі жай-күйін, оның жай-күйінің өзгеру процесі мен фактісін көрсететін объектілер;
  3. Қосымша объектілер: қылмыстық (азаматтық) іс материалдары; жүргізілетін тергеу әрекеттері хаттамаларының, стенограммаларының көшірмелері; бұрын оның психологиялық жай – күйін анықтау қажет болған адамға қатысты жүргізілген сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-психологиялық сараптамалардың, сот наркологиялық сараптамалардың көшірмелері.

Біздің сарапшылар