Сот сараптамаларын жүргізу

Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті

17.1 Сот-сараптамалық молекулярлық-генетикалық зерттеу

Сот молекуларлық-генетикалық сараптамасы нақты адамды сәйкестендіру немесе шығу тегінің (биологиялық туыстықтың) биологиялық ортақтығын айқындау мақсатында биология және криминалистика саласындағы арнайы ғылыми білім негізінде анықталатын адам геномының ДНҚ полиморфты генетикалық белгілерінің нақты деректерін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Молекулалық-генетикалық сараптама объектілері:

  • сұйық және кептірілген түрдегі қан, оның ішінде киімнің және шынайы қалыптың әртүрлі заттарындағы қан дақтары; ұрық, оның ішінде аралас биоқабаттанулар құрамында;
  • бұлшықет тіні және басқа ішкі ағзалардың тіндері (бауыр, жүрек, өкпе, шеміршек тіні және т.б.);
  • сүйек тіні;
  • шаш, түбінің буылтығымен; тырнақ тілімдері; терімай терлері және т.б.; алдын-ала белгілі адамдардың қанының, буккальды эпителийінің салыстырмалы үлгілері;
  • сараптама тақырыбына қатысты қылмыстық іс материалдары: оқиға болған жерді қарау хаттамасы, үлгілерді алу хаттамасы, мәйітті сот-медициналық сараптау немесе тірі адамды куәландыру қорытындысы және қойылған мәселелерді шешу үшін маңызы болуы мүмкін басқа да материалдар.

Молекулалық-генетикалық зерттеуде келесі міндеттер шешіледі:

  •  объектілердің молекулалық-генетикалық зерттеуге жарамдылығын анықтау;
  • зерттелетін объектілердің жыныстық тиесілігін анықтау;
  • зерттелетін гипервариабельді локустар (ДНК учаскелері) бойынша адамның геномдық бейінін анықтау;
  • генетикалық паспортын жасау;
  • жеке басын сәйкестендіру (танылмаған қалдықтардан);
  • заттай дәлелдемелердегі биологиялық іздерді тікелей сәйкестендіру;
  • балалардың даулы шығу тегі туралы істер бойынша баланың шынайы ата-аналарын анықтау (әкесі болуды, анасы болуды немесе балаларды ауыстыруды даулау); тек бір ата-анасы болған кезде сараптамалық зерттеу жүргізу;
  • тікелей және жанама сызықтар бойынша биологиялық туыстықты белгілеу;
  • тірі туыстары бойынша генетикалық бейінін қалпына келтіру

Азаматтық сот ісін жүргізуде молекулярлық-генетикалық сараптама жүргізу қажеттілігі жиі кездеседі:

  1. некені бұзу туралы істерді қарау
  2. алимент өндіріп алу
  3. әкелігі туралы дауласу
  4. мұра мәселелері

Сұрақтарды тұжырымдау:

  • 10.10.1980 жылы туған Аз. И.И. Иванов М,С, Сидровадан туылған бала10.10.2010 жылы туған С.С.Сидоровтың биологиялық әкесі ме?
  • 10.10.1980 жылы туған И.И. Ивановтың 10.10.2010 жылы туған С.С. Сидоровқа қатысты биологиялық әке болу алынып тасталынады ме немесе алынып тасталынбайды ма?
  • Егер әкесі болуы жоққа шығарылмаса, онда алынған нәтиже туыстық емес байланыстардың дараландыратын белгілерінің кездейсоқ сәйкес келуінің салдары болмауы ықтималдығы қандай?
  • Аз. И.В,Сидоровтың болжамды ағасы А.А. Ивановқа (туған күні) қатысты туыстық қатынастары алынып тасталынады ма немесе алынып тасталынбайды ма?

Қылмыстық сот ісін жүргізуде молекулалық-генетикалық сараптама жеке тұлғаны сәйкестендіру мақсатында негізінен жеке адамға қарсы қылмыстарға байланысты қылмыстық істердің санаттары бойынша жүргізіледі:

  • ауыр дене жарақаттарын жасау;
  • кісі өлтіру;;
  • жыныстық қылмыстар;
  • зорлау, содан кейін балалы болу;
  • бөлшектелген мәйіттерді, белгісіз сүйек қалдықтарын анықтау кезінде;
  • балаларды ұрлауға және ауыстыруға, туыстық қатынастарды орнатуға байланысты істер бойынша.

Сұрақтарды тұжырымдау:

  • Жәбірленушінің (Т.А.Ә.), күдіктінің (Т.А.Ә.) заттай дәлелдемелерінде қан (шәует) дақтары пайда бола ма?
  • Аталған адамдардың қайсысынан (Т.А.Ә.) заттай дәлелдемелерде табылған қан (шәует) қабаттары пайда болды?
  • Жәбірленушінің (Т.А.Ә.) тырнағының астында күдіктіге (Т.А.Ә.) немесе басқа адамға (адамдарға) тиесілі генетикалық материал бар ма?
  • Адам денесінің бөліктері бір мәйітке немесе бірнеше мәйітке жатады ма?
  • Мәйіттің сүйектері аз. (Т.А.Ә.) тиесілі ме? (мәселе көрсетілген адамның белгілі биоматериал үлгісі – қан, эпителий, жеке заттардағы биоқабаттар және т.б. болған жағдайда ғана шешіледі.)
  • Сүйектерді зерттеуге ұсынылған адам азаматтың (Т.А.Ә.) және азаматшаның (Т.А.Ә.) биологиялық ұлы (қызы) болып табылады ма?

Біздің сарапшылар