Сот сараптамаларын жүргізу

Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті

15.1 Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын және прекурсорларды сот-сараптамалық зерттеу

Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын және прекурсорларды сот-сараптамалық зерттеуі зерттеудің осы түрінің объектілерінің қасиеттерін, ерекшеліктерін, дайындау технологиясын айқындау мақсатында биология, химия және басқа да ғылымдардың сот сараптамасы саласындағы арнайы ғылыми білімдер негізінде анықталатын нақты деректерді (фактілер мен мән-жайларды) анықтау үшін жүргізіледі.

Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын сараптау мынадай міндеттерді шешеді:

  • белгісіз заттың табиғатын анықтау және оны есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтарының, прекурсорлардың белгілі бір түріне жатқызу;
  • әртүрлі тасымалдағыш заттарда есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорлардың іздерін табу;
  • зерттелетін объектілердің шикізат белгілері, дайындау технологиясы, сақтау шарттары және тағы басқа белгілері бойынша жалпы топтық тиістілігін анықтау;
  • оларды дайындау немесе өндіру орны мен тәсілі бойынша зерттеу объектілерінің жалпы шығу көзін анықтау;
  • есірткі құралдарын қолдан өндірудің тәсілін, технологиясын және өзге де сипаттамаларын анықтау; зерттелетін оқиғаға байланысты зерттеу объектісінің уақыттық және кеңістіктік байланыстарын анықтау.

Біздің сарапшылар