Сот сараптамаларын жүргізу

Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті

14.1 Сот жарылыс техникалық сараптамасы

Сот жарылыс-техникалық сараптамасы жарылғыш құрылғылардың (оқ-дәрілер мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың), жарылғыш заттар мен жару құралдарының топтық тиістілігі мен шығу көзін, сондай-ақ жарылыс жағдайларын анықтауға байланысты істің мән-жайларын анықтау үшін жүргізіледі.

Сот жарылыс техникалық сараптамасының міндеттері:

  • жарылыс фактісін анықтау;
  • шахталар мен кеніштердегі, технологиялық процестердің, сондай-ақ қазандық жабдықтарының бұзылуымен байланысты объектілердегі жарылыстарды қоспағанда, жарылыстың техникалық себептерін анықтау.

Жару-техникалық сараптамасы нені зерттейді?

  • артиллериялық, инженерлік және жаяу әскердің жарылғыш әрекеті бар штаттық оқ-дәрілерді (миналар, гранаталар, бомбалар) және қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды;
  • жару құралдарын;
  • жарылғыш заттарды (әскери, өнеркәсіптік немесе әмбебап мақсаттағы), оқ-дәріні, пиротехникалық құралдар және пиротехникалық қоспаларды;
  • жарылыс іздерін: (жарылыс өнімдерін, жарылған оқ-дәрілердің және/немесе қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың фрагменттерін, жарылыс әсеріне ұшыраған оқиға орнындағы шынайы қалып объектілері);
  • бу, шаң және газ ауа қоспалары түзілуі мүмкін үй-жайлардың көлемі;
  • жарылыстардың барлық түрлері туралы істер бойынша оқиға орындары;
  • сараптама мәніне қатысты қылмыстық іс материалдарын;
  • сараптамалық зерттеуге арналған үлгілерді.

Ескертпе: сараптамаға оқпан арнасы арқылы өткен артиллериялық снарядтар, оқталған жарғыштары бар жарылмаған оқ-дәрілер және басқалары, яғни қауіптілігі жоғары снарядтар қабылданбайды.

Сот жарылыс-техникалық сараптамасы жарылғыш құрылғылардың (оқ-дәрілер мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың), жарылғыш заттар мен жару құралдарының топтық тиістілігі мен шығу көзін, сондай-ақ жарылыс жағдайларын анықтауға байланысты істің мән-жайларын анықтау үшін жүргізіледі.

Сот жарылыс техникалық сараптамасының міндеттері:

  • жарылыс фактісін анықтау;
  • шахталар мен кеніштердегі, технологиялық процестердің, сондай-ақ қазандық жабдықтарының бұзылуымен байланысты объектілердегі жарылыстарды қоспағанда, жарылыстың техникалық себептерін анықтау.

Жару-техникалық сараптамасы нені зерттейді?

  •  штаттық артиллериялық, инженерлік және жаяу әскерлік жарылыс әрекеті бар оқ-дәрілер (миналар, гранаталар. бомбалар) және қолдан жасалған жарылыс қондырғылары;
  •       жару құралдары;
  •       жарылғыш заттар (әскери, өнеркәсіптік немесе әмбебап мақсаттағы), дәрілер, пиротехникалық құралдар мен пиротехникалық қоспалар;
  •       жарылыс іздері: (жару өнімдері, жарылған оқ-дәрілердің фрагменттері және/немесе қолдан жасалған жарылыс қондырғылары, жарылысқа ұшырататын заттық объектілер);
  •       бу, тозаң мен газауа қоспалары пайда болуы мүмкін үй-жай көлемдері;
  •       барлық жарылыс түрлері туралы істер бойынша оқиға орындары;
  •       сараптама тақырыбына қатысты қылмыстық іс материалдары;
  •       салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілері болып табылады.

Біздің сарапшылар