Сот сараптамаларын жүргізу

Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті

13.2 Сот-сараптамалық электротехникалық зерттеу

Сот электротехникалық сараптамасының мәні электр желілері мен электр жабдықтарының жұмысындағы желілерді қорғау аппараттары жұмысында авариялық режимдердің пайда болу себептерін анықтауға байланысты істің фактілері, мән-жайлары болып табылады.

Объектілері: тұрмыстық және өндірістік мақсатқа арналған электр аспаптары мен электр жабдықтары, электрмен жарықтандыру қондырғылары, жарық техникалық бұйымдар, электр сымдары, кабельдік бұйымдар, электр таратушы желілер, энергиямен қамтамасыз ету объектілері — су-таратушы электрстанциясы (бұдан былай-СТЭС), су электрстанциясы (бұдан былай — СЭС), жылу электрстанциясы (бұдан былай — ЖЭС), трансформаторлық қосалқы станциялар

Міндеттері: тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережелерін, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін, электр және жылу энергиясын пайдалану ережелерін және коммуналдық қызметтерді ұсыну ережелерін сақтамау фактісін анықтау.

Біздің сарапшылар