Сот сараптамаларын жүргізу

Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті

13.1 Өрт жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу

Өрт-техникалық сараптамасы нақты деректерді, өрттің пайда болу, даму жағдайларын және ауыр зардаптардың туындауын анықтау үшін жүргізіледі.

Өрт жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу объектілері болып не табылады?

  • өрттің болған орны;
  •       жоғарғы температураның әсер етуіне ұшыраған ғимараттар мен имараттардың құрылымдық элементтері мен бөліктері;
  •       өрт болған жерден табылған заттар, материалдар, бұйымдар, жылу жабдықтары;
  •       өрттің пайда болуымен себептік байланыста болуы мүмкін электр сымдары, электрқорғағыш аппаратура, электр арматурасы мен басқа да электр аспаптары;
  •       балқудың іздері бар электр сымдары мен кабельдердің үзінділері;
  •       оларға қатысты, жанудың бастамашысы болған жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтардың іздері болуы мүмкін деп жорамалданған әр түрлі тасымалдағыш-заттар;
  •       салыстырмалы зерттеулер мен модельдік сараптамалық эксперименттер жүргізуге арналған үлгілер;
  •       сараптама тақырыбыны қатысты іс материалдары жатады.

Өрт жағдайларын зерттеу арқылы шешілетін міндеттер:

  •   бастапқы жанудың пайда болған орнын анықтау (өрт ошағы, жанудың таралу бағыты, өрттің ерекшеліктері); жанудың пайда болу мен даму механизмін анықтау; өрттің пайда болуы мен дамуына себепші болған жағдаяттарды табу.

Шешімі өрт-техникалық сараптамалар құзыретінің шегінен шығатын мәселелер:

  1. лауазымды тұлғалардың қайсысы объектідегі өрт қауіпсіздігін сақтау міндетіне жатады;
  2. өрттің тікелей себебі неде;
  3. өртеу жасалды ма және қалай;
  4. өртті сөндіру кезінде белгілі бір адамдар іс-әрекеттерді дұрыс орындады ма.

Біздің сарапшылар