Сот сараптамаларын жүргізу

Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті

12.2 Компьютерлік технология құралдарын сот-сараптамалық зерттеу

Компьютерлік технология құралдарын сот-сараптамалық зерттеу қандай жағдайларда қажет?

Компьютерлік технология құралдарын сот-сараптамалық зерттеуі азаматтық, қылмыстық істерде немесе әкімшілік құқық бүзушылық туралы істің материалдарында тіркелген ақпараттық процестерді іске асыруды қамтамасыз ететін компьютерлік құралдарды әзірлеу мен пайдаланудың заңдылығын зерттеу негізінде анықталатын фактілер мен мән-жайлар болып табылады.

Сарапшы нені зерттейді?

  1. Аппараттық объектілер: дербес компьютерлердің әртүрлі түрлері жиынтықтарымен, әр түрлі түрдегі және мақсаттағы перифериялық құрылғылар; желілік аппараттық құралдар (серверлер, жұмыс станциялары, белсенді жабдықтар, желілік кабельдер және т.б.); дискілік деректер жинақтағыштар (HDD қатты дискілері, FDD флоппи-дискілері, CD-ROM, CD-RW, DWD-ROM оптикалық компакт-дискілері, USB флэш-карталары).
  2. Бағдарламалық объектілер: жүйелік бағдарламалық жасақтама (дербес компьютерлер мен MS-DOS, UNIX, Windows локальды желілерге арналған әр түрлі нұсқалардағы әртүрлі операциялық жүйелер және т. б., көмекші бағдарламалар – утилиталар, бағдарламаларды әзірлеу және күйін келтіру құралдары, қызметтік жүйелік ақпарат және т. б), әртүрлі қолданбалы бағдарламалық өнімдер.
  3. Ақпараттық объектілер: жоғарыда көрсетілген және басқа бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып дайындалған файлдар (.txt, .doc, мәтіндік форматтардың, .bmp, .jpg, .cdr, графикалық форматтардың, .dbf, .mdb, мәліметтер базасы форматтарының, .xls, .cal электрондық кестелердің және т.б. кеңейтілуімен), мультимедиа форматтарындағы деректер.
  4. Сараптамалық зерттеулер жүргізу үшін қажетті ақпаратты қамтитын объектілер: әртүрлі құжаттар (ғылыми-техникалық өнімді сатып алуға, жасауға (беруге) арналған шарттар; ғылыми-техникалық өнімді тапсыру-қабылдау актілері; компьютерлік техниканы және перифериялық құрылғыларды сату алдындағы дайындық құнының калькуляциясы және басқалар); зерттеуге берілетін компьютерлік, есептеу техникасына (перифериялық құрылғыларға, магниттік тасымалдағыштарға) ілеспе құжаттама, әртүрлі анықтамалық деректер, пайдаланушының нұсқаулықтары, сондай-ақ іс материалдары.

Компьютерлік технологияны сот-сараптамалық зерттеу сараптамасы қандай міндеттерді шешеді?

  • компьютерлік құралдарды пайдалану жағдайларын анықтау; бағдарламалық жасақтама мен сайттарды әзірлеу және пайдалану фактілерін анықтау;
  • құжаттар мен дерекқорларды құру және пайдалану жағдайларын анықтау;
  • желілік технологияларды пайдалану фактілерін анықтау.

Осы сараптама шеңберінде мынадай мәселелер шешіледі:

Компьютерлік құралдарды пайдалану жағдайларын анықтау қажет болған жағдайда мынадай сұрақтар қойылады:

  • Сыртқы ақпарат құралдары ұсынылған компьютерге қосылды ма?
  • Көрсетілген уақыт аралығында ұсынылған компьютер пайдаланылды ма?
  • Көрсетілген уақыт аралығында компьютердің жүйелік уақыты өзгерді ме?
  • зерттеуге ұсынылған объектілерден қандай Интернет-ресурстарға қосылу жүзеге асырылды;
  • зерттеуге ұсынылған графикалық файлдар (бейне файлдар) «…» маркалы құрылғы (камера, бейнекамера) арқылы жасалған ба;

Бағдарламалық жасақтама мен сайттарды әзірлеу және пайдалану фактілерін анықтаған кезде:

  • зерттеуге ұсынылған нысандарда қандай бағдарламалық жасақтама орнатылған?
  • зерттеуге ұсынылған объектіде келесі «… » функционалдық мүмкіндіктері бар бағдарламалық жасақтама бар ма;
  • әзірленген бағдарламалық жасақтама техникалық тапсырма талаптарына, сондай-ақ өзге де нормативтік және техникалық құжаттарға сәйкес келе ме?
  • әзірленген сайт техникалық ерекшелік талаптарына, сондай-ақ өзге де нормативтік және техникалық құжаттарға сәйкес келе ме?

Құжаттар мен дерекқорларды құру және пайдалану жағдайлары анықталған кезде:

  • ұсынылған дерекқорда » … » № құжаты туралы мәліметтер бар ма?
  • «…» бастап «…» дейінгі кезеңде зерттеуге ұсынылған дерекқорда қандай өзгерістер жүргізілді;
  • «…» деректер базасының «… » атауымен құжатқа қандай пайдаланушы өзгерістер енгізді;
  • «…» бастап «…» дейінгі кезеңде дерекқорға қандай пайдаланушы және қандай IP мекенжайынан кірген;
  • есептік жазбада мәліметтер базасында өзгертулер, сақтау, жою, түзетулер енгізудің техникалық мүмкіндігі болды ма;
  • ұсынылған ақпарат тасығыштан/жинақтаушыдан ақпаратты қалпына келтіруге бола ма?

Желілік технологияларды пайдалану фактілерін анықтау кезінде:

  • ұсынылған компьютерлік техника арқылы Интернет желісіне қосылу жүзеге асырылды ма?
  • Пайдаланушы Интернет желісіне қандай уақыт кезеңдерінде қосылды?
  • нысандарды зерттеуге ұсынылған IP және MAC мекенжайы қандай;
  • ұсынылған жабдықтың көмегімен «…» пошта серверіне кіру немесе жедел хабар алмасу бағдарламаларының көмегімен хат алмасу жүзеге асырылды ма? Қашан, кімнен және кімге қандай хабарламалар қабылданды немесе жіберілді?

Біздің сарапшылар