Сот сараптамаларын жүргізу

Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті

12.1 Сот технологиялық сараптамасы

Сот-технологиялық сараптамасының мәні – қандай-да бір өнімді өндіру барысын, технологиясының ерекшелігін көрсететін нақты деректерді анықтау болып табылады.

Сот технологиялық сараптамасының объектілері:

  •   материалдар (шикізаттар); жартылай фабрикаттар; бұйымдар (кең қолданыстағы және өндірістік-техникалық мақсаттағы);
  •       өндіріс қалдықтары;
  •       дайын өнімнің (жартылай фабрикаттың) үлгілері;
  •       механизмдер мен имараттар (ғимараттар, технологиялық желілер);
  •       технологиялық құжаттамалар (өндірістің технологиялық сызбасы, технологиялық есептер, бағдарлық карталар, кестелер);
  •       дайын өнімге нормативтік құжаттамалар (мемлекеттік стандарттар, техникалық шарттар);
  •       сараптамалық зерттеу жүргізуге қажетті ақпараттарды құрайтын (ілеспе құжаттар, сертификаттар, шарттар) іс материалдары;

Біздің сарапшылар