Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті
12.1 Сот технологиялық сараптамасы
Сот-технологиялық сараптамасының мәні – қандай-да бір өнімді өндіру барысын, технологиясының ерекшелігін көрсететін нақты деректерді анықтау болып табылады.
Сот технологиялық сараптамасының объектілері:
материалдар (шикізаттар); жартылай фабрикаттар; бұйымдар (кең қолданыстағы және өндірістік-техникалық мақсаттағы);
өндіріс қалдықтары;
дайын өнімнің (жартылай фабрикаттың) үлгілері;
механизмдер мен имараттар (ғимараттар, технологиялық желілер);
технологиялық құжаттамалар (өндірістің технологиялық сызбасы, технологиялық есептер, бағдарлық карталар, кестелер);
дайын өнімге нормативтік құжаттамалар (мемлекеттік стандарттар, техникалық шарттар);
сараптамалық зерттеу жүргізуге қажетті ақпараттарды құрайтын (ілеспе құжаттар, сертификаттар, шарттар) іс материалдары;