Сот сараптамаларын жүргізу

Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті

11.1 Ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-экономикалық зерттеу

Қандай жағдайларда ғимараттар мен құрылыстарды сот-сараптамалық құрылыс-экономикалық зерттеу қажет?

Ғимараттар мен құрылыстарды сот-сараптамалық құрылыс-экономикалық зерттеу келесіні анықтау үшін қажет:

  •    нақты орындалған құрылыс-монтаждау немесе жөндеу-құрылыс жұмыстарының және жұмсалған материалдардың құнын анықтау;
  •       нақты орындалған құрылыс-монтаждау немесе жөндеу-құрылыс жұмыстарының құны жұмыстарды қабылдау-тапсыру актісіне сәйкестігін анықтау;
  •       нақты орындалған құрылыс-монтаждау немесе жөндеу-құрылыс жұмыстарының құны сметалық құжаттарға сәйкестігін анықтау;
  •       пайда болған ақауларды немесе зақымдарды жою үшін қажетті жүргізілетін жөндеу-құрылыс жұмыстарының құнын анықтау

«Ақау» және «зақым» ұғымдарын ажырату керек.

Ақау-құрылыс нысанындағы, оны дайындау, тасымалдау, монтаждау сатысында туындайтын жарамсыздық.

Зақым-пайдалану процесінде туындайтын, құрылыс нысаны мен элементтерінің нақты көлемінің, нысанының, сапасының нормативтік құжаттардың немесе жобалардың талаптарынан ауытқуы.

Сарапшы нені зерттейді?

Сот құрылысы-экономикалық зерттеулер жүргізу кезіндегі зерттеу объектілері:

 

  •   ғимараттар мен имараттар;
  •       ғимараттар мен имараттар жеке құрылымдық элементтері;
  •       аяқталмаған құрылыс объектілері;
  •       зерттеу тақырыбына байланысты өзге де объектілер;
  •       қылымыстық, азаматтық және әкімшілік істердің материалдары;
  •       техникалық құжаттама;
  •       инвентаризациялық істер, техникалық паспорттар, паспорттар (объектілерді пайдалану үшін);
  •       түсіндірме жазбахаттан, жұмыс сызбаларынан, сметалық құжаттардан, және тағы басқа тұратын құрылыс объектісінің жобалау-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ). ЖСҚ белгіленген тәртіпте рәсімделген және бекітілген қағаз нұсқада ұсынылу қажет және толық көлемде. Қажетті болған жағдайда ЖСҚ қосымша нұсқасы электронды тасығышта ұсынылуы мүмкін.
  •       жобалау-сметалық құжаттама бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы;
  •       жобалау-сметалық құжаттаманы өзгертуге техникалық шешім, жұмыстарды алып тастау/қосу сметалық есебінің қосымшасымен;
  •       келісімшарт құжаттамасы (шартқа қосымша келісіммен қоса);
  •       атқарушылық құжаттамасы (авторлық және техникалық қадағалау журналдары, өндіріс жұмыстарының журналы, жабық жұмыстарды куәландыру актісі, орындалған жұмыстардың атқарушылық схемалары, жауапты құрылымдарды аралық қабылдау актілері, құрылыс материалдарына, бұйымдарға және құрылымдарға сәйкестік сертификаттары, басқа да құжаттар);
  •       орындалған жұмыстарды қабылдау актілері (2в-нысан) және құрылыс-монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарының құны туралы анықтамалар (3-нысан). Құжаттар қағаз нұсқада ұсынылу қажет. Қажет болған жағдайда, осы құжаттың қосымша нұсқасы электронды тасымалдағышта ұсынылуы мүмкін;
  •       нақты орындалған жұмыстар көлемін өлшеу актілері, жобалау-сметалық құжатында орындалмаған жұмыстар мен қосымша орындалған жұмыстардың көлемін көрсете отырып.
  •       сарапшының өтінішхаты негізінде ұсынылған маман қорытындысы;
  •       зерттеу тақырыбымен байланысты басқа да құжаттар болып табылады.

Сот-сараптамалық құрылыс-экономикалық зерттеулер жүргізу кезінде қандай міндеттер шешіледі?

Құрылыс жұмыстары мен материалдардың құнын айқындау жөніндегі міндеттер, сондай-ақ құрылыс жұмыстары мен материалдардың құнына байланысты өзге де міндеттер.

Осы сараптама шеңберінде мынадай мәселелер шешіледі:

Құрылыс-экономикалық зерттеу бойынша сот-құрылыс сараптамасының рұқсатына жиі қойылатын сұрақтар:

  1. объектіні салу (жөндеу) кезінде нақты орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының (немесе жөндеу-құрылыс жұмыстарының) және жұмсалған материалдардың құны қандай (объектінің атауы мен орналасқан жерін көрсету);
  2. объектіде құрылыс-монтаждау жұмыстарын (немесе жөндеу-құрылыс жұмыстарын) жүргізу кезінде жұмсалған құрылыс материалдарының құны қандай (объектінің атауы мен орналасқан жерін көрсету);
  3. нақты орындалған құрылыс-монтаждау (немесе жөндеу-құрылыс жұмыстары) құны орындалған жұмыстарды қабылдау актілеріне сәйкес келе ме;
  4. нақты орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының (немесе жөндеу-құрылыс жұмыстарының) құны сметалық құжаттамаға сәйкес келе ме;
  5. қандай нақты орындалған жұмыстар және қандай сомаға орындалған жұмыстарды қабылдау актілеріне (немесе сметалық құжаттамаға)сәйкес келмейді;
  6. су басу нәтижесінде объектіге келтірілген зақымдарды (объектінің атауы мен орналасқан жері) жою үшін қажетті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары мен материалдардың құны қандай;
  7. өрт салдарынан объектіге келтірілген зақымдарды (объектінің атауы мен орналасқан жері) жою үшін қажетті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары мен материалдардың құны қандай;
  8. объектіде құрылыс-монтаждау жұмыстарын (немесе жөндеу-құрылыс жұмыстарын) жүргізу кезінде жіберілген ақауларды жою үшін қажетті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары мен материалдардың құны қандай (объектінің атауы және орналасқан жері);
  9. объектіні бөлуді (объектінің атауы мен орналасқан жерін) заттай екі (үш, төрт және т.б.) тең (немесе басқаша, үлестердің мөлшерін көрсету) бөлікке бөлу үшін қажетті құрылыс жұмыстары мен материалдардың құны қандай.

Біздің сарапшылар