Сот сараптамаларын жүргізу

Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті

10.2 Азық-түлік тауарларын сот-сараптамалық тауартану зерттеуі

Азық-түлік тауарларын сот-сараптамалық зерттеу қандай жағдайларда қажет?

Азық-түлік тауарларын сот тауартану зерттеуі тұтыну және өзге де құнға әсер ететін азық-түлік тауарларының негіз қалаушы сипаттамалары туралы нақты деректерді және осы сипаттамаларды қалыптастыратын факторларды талдау үшін жүргізіледі.

Сарапшы нені зерттейді?

 

  • азық-түлік тауарлары;
  •       орамалар;
  •       таңбалар;
  •       салыстырмалы үлгілер;
  •       активтердің сипаттамалары мен осы сипаттамаларды қалыптастыратын факторлар туралы ақпараттар бар құжат;
  •       іс үшін маңызы бар өзге де құжаттар мен материалдар.

 

Азық — түлік тауарларының сот-тауар сараптамасы қандай міндеттерді шешеді?

  •  тауартану шеңберіндегі зерттелетін объектілерді диагностикалау (ақаулардың бары/жоғы, объектініің күйі, жарамдылық мерзімі, ұсынылған құжаттарға сәйкес сапаға қойылатын талаптар (физикалық-химиялық көрсеткіштері), өлшемдері, массасы, саны, мөлшерлемесі);
  •       зерттеу объектілерінің жіктемесі (белгілі және жалпы қабылдаған жіктеуіштерге сәйкес сыныпқа, топқа, түрге жатқызу);
  •       тауартану шеңберіндегі зерттелетін объектілерді сәйкестендестіру (үлгі мен зерттеу объектісінің сәйкестігіне салыстырмалы зерттеу, тауартану щеңберіндегі бөліктердің объектіге тиістілігіне салыстырмалы зерттеу, объектінің сипаттамаларының (құнынан бөлек) тиісті стандарттар мен техникалық шарттардың талаптарына сәйкестігін анықтау).

Осы сараптама шеңберінде мынадай мәселелер шешіледі:

  1.    тауардың атауы қандай;
  2.       тауар шикізаттың қандай түрінен дайындалған;
  3.       тауардың сапасы МемСТ-ға, техникалық немесе келісім шарттың шарттарына жауап бере ме;
  4.       тауардың атауы мен сипаттамасы затбелгіде көрсетілген таңбалау белгілеріне, таңбаларға сәйкес келе ме;
  5.       тауар қандай тәсілмен (қолдан жасалған немесе фабрика-зауыттық) дайындалған;
  6.       тауар отандық немесе шетелдік өнім болып табыла ма;
  7.       тауарларды сақтау мен тасымалдау шарттары стандарттар талабына сәйкес пе (стандартты көрсету керек);
  8.       тауардың бүлінуінің нәтижесіндегі құнын жоғалтуы қанщалықты;
  9.       тауарды сақтау кезіндегі ысыраптың нормасы қандай;
  10.       тауардың орташа нарықтық құны қандай;
  11.       тауар қасиеттерінің (ысырап болуы, орамасының бүлінуі) өзгеруін есепке алғандағы оның орташа нарықтық құны қандай;
  12.       тауардың ақаулары бар ма;
  13.       белгілі бір жағдайлардағы тауардың табиғи кемуі қандай;
  14.       ұсынылған тауар, өнімінің үлгілері көрсетілген кәсіпорында дайындалған ба;
  15.       ұсынылған тауар бір өндірістік топқа енген бе;
  16.       іс үшін маңызы бар және сарапшының құзыретіне жататын өзге де сұрақтар.

Біздің сарапшылар