Сот сараптамаларын жүргізу

Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті

10.1 Азық-түлік емес тауарларды сот-сараптамалық тауартану зерттеуі

Азық-түлік емес тауарларды сот-сараптамалық зерттеу қандай жағдайларда қажет?

Азық-түлік емес тауарларды сот-сараптамалық тауартану зерттеуі олардың тұтыну және өзге құнына әсер ететін азық-түлік емес тауарлардың негізгі сипаттамалары туралы нақты деректерді және осы сипаттамаларды қалыптастыратын факторларды айқындау үшін жүргізіледі.

Сарапшы нені зерттейді?

  •   өнеркәсіп тауарлары;
  •       орамалар;
  •       таңбалар;
  •       салыстырмалы үлгілер;
  •       активтердің сипаттамалары мен осы сипаттамаларды қалыптастыратын факторлар туралы ақпараттар бар құжат;
  •       іс үшін маңызы бар өзге де құжаттар мен материалдар.

Азық-түлік емес тауарларды сот-тауарлық зерттеу сараптамасы қандай міндеттерді шешеді?

  • зерттеуге ұсынылған тауарларды диагностикалау: техникалық параметрлерді, ақаулардың болмауы/болуын, тозу деңгейін анықтау;
  • зерттеуге ұсынылған тауарларды жіктеу: белгілі және жалпы қабылданған жіктеулер бойынша сыныпқа, топқа және түрге жатқызу;
  • зерттеуге ұсынылған тауарларды сәйкестендіру: үлгіге сәйкестік мәніне салыстырмалы зерттеу, тауартану шеңберінде бүтін бөліктердің тиесілігі тұрғысынан салыстырмалы зерттеу, тауар сипаттамаларының (құннан басқа) тиісті стандарттар мен техникалық шарттардың талаптарына сәйкестігін айқындау;
  • тауардың құндық сипаттамаларын анықтау кезінде шығынды, салыстырмалы және табысты тәсілдерді пайдалана отырып ситуациялық талдау жүргізу.

Осы сараптама шеңберінде мынадай мәселелер шешіледі:

  1.  тауардың атауы қандай;
  2.       тауардың техникалық сипаттамалары стандарттың талаптарына (стандарттың деректемелерін көрсету керек) сәйкес пе;
  3.       тауардың техникалық сипаттамалары техникалық шарттарға (стандарттың деректемелерін көрсету керек) сәйкес пе;
  4.       тауардың атауы мен сипаттамасы затбелгіде көрсетілген таңбалық белгілерге, таңбаларға сәйкес келе ме;
  5.       тауар қандай тәсілмен (қолдан жасалған немесе зауыт-фабрикада) жасалған;
  6.       осы бұйымдар отандық немесе шетелдік өндіріс тауарлары болып табыла ма;
  7.       тауардың орташа нарықтық құны қандай;
  8.       тозығын есепке алғандағы тауардың орташа нарықтық құны қандай;
  9.       тозығын есепке алмағандағы тауардың орташа нарықтық құны қандай;
  10.       бұйымның ақаулары бар ма;
  11.       ақаулардың сипаты қандай (өндірістік, пайдалушылық);
  12.       ұсынылған тауар өнімінің үлгілері көрсетілген кәсіпорында дайындалған ба;
  13.       ұсынылған бұйымдар бір өндірістік топқа енген бе;
  14.       бұйым ұсынылған үлгіге сәйкес келе ме;
  15.       іс үшін маңызы бар және сарапшының құзыретіне жататын өзге де сұрақтар.

Біздің сарапшылар