Сот сараптамаларын жүргізу

Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті

1.2 Құжаттарды сот-техникалық зерттеу

Құжаттарды сот-техникалық зерттеу құжаттарды дайындау мән-жайларын: деректемелерді (қолдарды, мөрлерді, мөртабандарды) салу, жабдықтарды, материалдар мен заттарды пайдалану ерекшеліктерін анықтауға бағытталған.

Құжаттарды сот-техникалық зерттеу қандай жағдайларда қажет?

    • хат материалдарының қасиеттеріндегі және құжаттар деректемелерінің белгілеріндегі нақты мәліметтерді анықтау;
    • құжаттарды дайындау жағдаяттары;
    • құжаттардағы өзгертулерді енгізу тәсілдері;
    • құжаттарды дайындау немесе оларға өзгертулер енгізу үшін пайдаланылған заттар мен материалдар туралы нақты мәліметтерді анықтау.

    Сарапшы нені зерттейді?

    • құжаттар (олардың деректемелері мен материалдары);
    • құжаттарды (толық немесе  жекелеген үзінділерін) дайындауға, не бұрын дайындалған құжаттарға өзгертулер енгізуге арналған құрылғылар;
    • құжаттар дайындауға,  не бұрын дайындалған құжаттарға өзгертулер енгізуге арналған заттар.

    Құжаттардың сот-техникалық сараптамасы қандай міндеттерді шешеді?

    • құжатты және оның жекелеген бөліктерін дайындау тәсілін анықтау;
    • құжаттың мазмұнын өзгерту фактісі мен тәсілін анықтау;
    • нашар көрінетін және көрінбейтін жазбаларды қалпына келтіру;
    • құжаттың бастапқы түрін анықтау;
    • құжаттың ықтимал дайындалу уақытын анықтау;
    • құжаттың дайындау, не мазмұнына, сондай-ақ оның орындаушысына өзгерістер енгізу үшін қолданылған құралдарды, жабдықтарды, керек-жарақтар мен материалдарды сәйкестендіру.

Біздің сарапшылар