Сот сараптамаларын жүргізу

Сот сараптамасы - зерттеу жүргізуден және шешілуі арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша сарапшының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу әрекеті

1.1. Жазу мен қолтаңбаны сот-сараптамалық зерттеу

Жазба мен қолтаңбаны сот-сараптамалық зерттеу сараптамасы азаматтық, қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша негізделген шешімдер шығаруға ықпал ететін тиімді құралдардың бірі болып табылады. Сараптаманың бұл түрінің негізгі мақсаты белгілі бір қолжазба мәтінін жазған немесе қолтаңбаны, сандық жазбаны орындаған адамды анықтау болып табылады.

Қолтаңбатанушы-сарапшы нені зерттейді?

  • жазба мәтіндерін немесе олардың бөліктерін;
  • құжаттар түпнұсқасындағы қолжазбаны қасақана өзгертуге байланысты немесе байланысты емес, жазу үшін әдеттегі немесе ерекше жағдайларда жасалған жазбаларды (әріптік немесе сандық) және қолтаңбаларды.

Жазба мен қолтаңбаны сот-сараптамалық зерттеу сараптамасы қандай міндеттерді шешеді?

  • Сәйкестендірушілік – бұл қолмен жазылған мәтіндерді, мәтіннің жеке үзінділерін, жазбаларды (әріптік немесе сандық) және қолтаңбаларды нақты орындаушыны жеке теңдестірудің болуы немесе болмауы фактісін анықтау, сондай-ақ әртүрлі мәтіндерді, мәтіндердің жекелеген үзінділерін, жазулар мен қолтаңбаларды бір немесе бірнеше адамдардың орындау фактісін анықтау жөніндегі міндеттер.
  • Диагностикалық – бұл жазудың әдеттен тыс ішкі (толқу, күйзелу жағдайы, ауру, алькогольді мас болу, жасқа байланысты өзгерістер және тағы басқа) және сыртқы (жазған қолдың, жартылай жатқан кездегі қолайсыз жағдайы, көлеңке бөлме, қозғалыстағы транспорт және тағы басқа) жағдайдың орындаушыға әсер ету фактісін анықтау жөніндегі міндеттер.
  • Жіктеушілік міндеттер орындаушының жазуын белгілі бір жынысқа, жасқа қатыстылығын анықтаумен байланысты.

Біздің сарапшылар